Балалар туған жеріміздің кең-байтақ даласына виртуалды саяхат жасап, өлкеміздің бірегей табиғи байлықтарымен танысты.
Балалар туған өлкенің сұлулығын тағы да бір бағалап, біз тұратын жерге ұқыпты қарау және қамқорлық жасау қажеттілігін түсінді: қоқыс шашпау, тазалық пен тәртіпті сақтау, біздің ауылдың тазалығына қамқорлық жасайтын адамдардың еңбегін құрметтеу және өз күштеріне қарай ауылды абаттандыруға қатысу. Экологиялық іс-шара барысында балаларға "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы туралы ақпарат ұсынылды. Балаларға табиғат тазалығын сақтаудың, қоршаған ортаға ұқыпты қараудың және әр адамның өз елінің тазалығы мен көркеюіне жауапты екенінің маңыздылығы түсіндірілді.




