"Денисов тарихи-өлкетану мұражайы" КММ

8 (71434) - 2 - 11 - 93

2025 жылдың 16 шілдесінде Денисов тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері «Солнечный»  балалар – сауықтыру лагерінде демалып жатқан балаларға арналған «Домбыра қазақ халқының – жаны» таным сағатын өткізді.  Балалар домбыраның пайда болу тарихымен, оның құрылымымен танысты.

Есімдері қазақ музыкалық тарихының бір бөлігіне айналған көрнекті күйлердің ішінде музей қызметкерлері қазақтың ұлы композиторы, күй орындаушысы, домбырашы, қазақ аспаптық музыкасының классигі Құрманғазының шығармашылығын ерекше атап өтті. Оның «Сары – Арқа» күйін тыңдап, балалар дұрыс музыкалық тізбекті құрады, ырғақты ойынға белсенді қатысты, викторина сұрақтарына жауап берді, пазлдар жинады, қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарының аттарын тапты. Ең белсенділері тәтті сыйлықтармен марапатталды.

 

Мы в социальных сетях