
Іс-шара барысында аудандық мәдениет Үйінің қызметкерлері қонақтарға қазақ халқының дәстүрлі киімдерінің тарихы мен ерекшеліктері туралы жан-жақты мағлұмат берді. Бағдарламаны аудандық мәдениет Үйі әртістерінің жарқын музыкалық нөмірлері толықтырып, жиналған қауымға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Шара соңында музей қызметкері қатысушыларды музей қорында сақтаулы тұрған қазақтың ұлттық киімдерімен және көне зергерлік бұйымдарымен таныстырды.

