"Денисов тарихи-өлкетану мұражайы" КММ

8 (71434) - 2 - 11 - 93

Денисов мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі іске асыратын «Елімнің өлшеусіз мұрасы» мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында Денисов тарихи-өлкетану музейі «Солнечный» балалар демалыс лагерінде (III маусым) демалатын балаларға арналған «Қазақтардың этникалық киімі» - интерактивті іс-шарасын өткізді.

 Лагерьде демалып жатқан балаларға қазақ халқының тарихы мен мәдениеті, қазақ тілін үйрену, халық дәстүрлері, ойындар, ұлттық тағамдар, ұлттық киім, «Өртеке» музыкалық өнері (Бекзат Газезов) сынды түрлі бағдарламалар ұсынылды.

Қазақтың ұлттық киімдерінің музей көрмесі нағыз киіз үйде өтті, бұл біздің жас келушілерге өте ұнады – олар балалар мен ересектер, ерлер мен әйелдердің дәстүрлі костюмдерімен танысты, ұлттық ою-өрнектің маңыздылығы мен қазақ халқының әшекейлері туралы білді, викторинаға қуана қатысып, сыйлықтар алды.

Мы в социальных сетях