"Денисов тарихи-өлкетану мұражайы" КММ

8 (71434) - 2 - 11 - 93

          XXXVIII облыстық спартакиада кезінде Денисов музейі аудан тұрғындары мен қонақтары үшін бірнеше іс-шаралар өткізді.

Алчановка ауылындағы ипподромда «Туған өлкенің ежелгі заманнан қазіргі заманға дейінгі тарихы» атты көшпелі көрме Қазақстанның ежелгі тарихы – археология және орта ғасырлар, қазақ ауылдары мен қоныс аударушы кенттер туралы әңгімелеп берді, қызықты экспонаттар – көне домбыралар, көшпенділердің тұрмыс заттарын ұсынды, «Қырқынан  шығару»  рәсімін өткізді.

Дәл осы көрме келесі күні ауылдың орталық алаңында жұмыс істеді, онда спартакиадаға келген көптеген қонақтар музей қондырғыларымен таныса алды.

        Аудан қонақтары мен тұрғындарына ыңғайлы болу үшін спорт мерекесінің барлық күндері музей күндіз ғана емес, кешкі уақытта да жұмыс істеді, келушілерді туған өлкеміздің тарихын білуге және музей кинозалына келуге  шақырды.

Мы в социальных сетях