
«Бай Карпык» атты тарихи очерк жарық көрді. Бұл очерктің авторы – біздің тамаша жерлесіміз, өлкетанушы, жазушы, ақын Сергей Георгиевич Карпов (Новосібір қаласы).
Очеркте біздің өлкеміздің тарихы, қазақ ауылдарының өмірі мен тұрмысы, сондай-ақ Карпық Жаманқарин, Ыбырай Алтынсарин, Бекмұхамед Карпықов, Мынайдар Ярыспаев, Мұхамед Асатов, Шәңгерей Жәнібеков сияқты біздің өңіріміздің белгілі тұлғалары туралы өте қызықты материалдар қамтылған.
