"Денисов тарихи-өлкетану мұражайы" КММ

8 (71434) - 2 - 11 - 93

 2026 жылдың 10 сәуірінде, адамның ғарышқа алғашқы ұшуының Халықаралық күні қарсаңында, Денисов тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері №1 Денисов  жалпы білім беретін мектебінің 6 «Б» сынып оқушылары үшін Байқоңыр ғарыш айлағына «Жұлдызға барар жол Қазақстаннан басталады» атты виртуалды экскурсия дайындады. Бұл экскурсия ғарышкерлер Күнін және адамзаттың ғарышқа алғашқы ұшуының 65 жылдығын, Кеңес Одағының Батыры (1988), Халық Қаһарманы (1995) Т. О. Әубәкіровтың 80 жылдығын, Ресей Федерациясының Батыры (1994), Қазақстанның Халық Қаһарманы (1995) Т.А. Мұсабаевтың 75 жылдығын мерекелеуге арналды.

Қазақстан – Жер планетасының ғарыш айлағы. Дәл осы қазақстандық Байқоңырдан ғарыш кемелері ұшырылып, дәл осы қазақ жеріне оралатын аппараттар қонады. Біз адамзаттың ғарыш айлағы болып табылатын Байқоңыр ғарыш айлағына виртуалды экскурсия жасадық, 1961 жылдың 12 сәуірінде ғарышқа алғашқы ұшуды жүзеге асырған Ю.А. Гагарин туралы, біздің үш қазақстандық ғарыш Батырларымыз – Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов туралы, сондай-ақ адамдардың ғарышқа жаңа жаңалықтары мен жаңа ұшулары туралы айтып бердік.

        

Мы в социальных сетях