
21 қазанда Қазақстан Республикасының күніне арналған іс-шаралар аясында Денисов тарихи-өлкетану музейі «Туған жер - табыс және даму тарихы» деп аталатын көрме өткізді, онда біз мақтанышпен айтатын еліміздің, облысымыз бен ауданымыздың жетістіктері туралы материалдар қойылды.
Іс-шараның қонақтары үшін «Мен Қазақстан туралы бәрін білемін» деп аталатын ойын өткізілді, оған ауыл тұрғындары тарих, география және ұлттық дәстүрлер бойынша білімдерін сынап, белсенді қатысты. Жеңімпаздар сыйлықтарға ие болды.


